$ 510.19  582.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында диқандар қарбыздың алғашқы өнімін жинап жатыр

Қазсушар» филиалдары диқандарға 2,5 млрд текше метрден астам су берді

Түркістан облысында диқандар қарбыздың алғашқы өнімін жинап жатыр
Фото: pixabay

Түркістан облысы Жетісай ауданындағы диқандар биылдың алғашқы қарбызын жинап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Судан таршылық көрмеді

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше су шаруаларға дер кезінде жеткізілген.

«Биылғы алғашқы қарбызымызды жөнелтуге дайынбыз. Су жақсы берілгендіктен қарбыз жақсы өсті», - деді Түркістан облысы Тың ауылының диқаны Қуанбай Бексұлтан.

276 мың гектар жер суарылды

Суару маусымы басталғалы бері еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі «Қазсушар» филиалдары диқандарға 2,5 млрд текше метрден астам су берді. Түркістан облысына 1,3 млрд текше метр су беріліп, 276 мың гектар жер суарылды.

«Жетісай ауданында 84,3 мың гектар егіс алқабын суаруға 304 млн текше метр су жіберілді. Оның 97,5 млн текше метрі 13 384 гектар бақша және көкөніс алқаптарын суаруға жұмсалды», - делінген хабарламада.

Ауа райының қолайлы болып, суармалы судың ерте берілуінің арқасында Түркістан облысының диқандары сәуір айының ортасында қырыққабаттың алғашқы өнімін жинады. Ал мамыр айының соңғы онкүндігінде қауынның алғашқы өнімін жинады.

Серіктес жаңалықтары