Бай-бақуатты өмір сүру үшін не істеу керек: Айгүл Иманбаева жұртқа ақыл айтты (ВИДЕО)
Айтуынша, осы үш түрлі артықшылық адамның бойынан табылса, бақытты, бақуатты өмір сүреді екен

Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева адамның дамуы үшін қажетті деп санаған үш түрлі кеңесін жұртқа айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің айтуынша, осы үш түрлі артықшылық адамның бойынан табылса, бай-бақуатты өмір сүреді екен.
«Егер сіз қажет деп тапсаңыз, менен сізге үш кеңес. Ең бірінші таңертең ерте тұрыңыз, спортпен айналысыңыз, дұрыс тамақтаныңыз, дұғада болыңыз.
Ал екіншіден, сіз ниетіңізден, амалыңыздан, ойыңыздан, тіліңізден болатын барлық негативтен құтылыңыз. Күнделікті бақылауға алыңыз, өзіңіздің не ойлап жүргеніңізді, не айтқаныңызды, қандай әрекет жасағаныңызды.
Үшіншіден, кітап оқыңыз, білім қуыңыз, білім алыңыз, дамыңыз, қай жаста да. Жас деген ол биологиялық жасқа кедергі емес. Тек ол сіздің миыңыздағы ғана өлшем.
Осы үштік бойыңыздан табылып, тандем болған жағдайда сіз ала алмайтын қамал, шыға алмайтын биік болмайды. Биікке де жетесіз, бай да боласыз, гармонияда өмір сүресіз», - дейді Айгүл Иманбаева.