Антикор басшысының бұрынғы орынбасарының ағасы 11 жылға сотталды
Ол мемлекетке 41 миллион теңге қайтаруы тиіс

Шымкентте атышулы іс бойынша сот процесі аяқталды. Аниткор басшысының бұрынғы орынбасарының ағасы аса ірі көлемде пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс материалдарында көрсетілгендей, Дәуренбек Қожабаевты қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін қаладағы жалпы білім беретін мектептердің бірінің директорынан ақша алған.
«Дәуренбек Қожабаев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылсын және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 11 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Сотталған адамға жазасын өтеу орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде айқындалған. Сондай-ақ сот Қожабаевты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің полковнигі арнайы атағынан айырады және мемлекетке 41 миллион теңге қайтаруды міндеттейді», - деп үкімді судья Абинур Қарабаев оқыды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ. Дәуренбек Қожабаев тергеуден қашып, оған халықаралық іздеу жарияланған.