02.04.2025, 21:57
Жаңалықтар
Қазақстанда үш айда 1400-ден астам адам есірткімен ұсталды: арасында 23 жасөспірім бар (ВИДЕО)
Үш айда республика бойынша 69 есірткі зертханасы жойылды
Фото: Видеодан скрин
Қазақстанда үш айда республика бойынша 69 есірткі зертханасы анықталып, көзі жойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 18 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.
Үш тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде: 250 кг синтетика 1 тонна 642 кг марихуана 238 кг гашиш 322 грамм героин бар.
«Жыл басынан бері 1425 адам ұсталды. Оның ішінде 76 әйел, 23 жасөспірім және 9 шетел азаматы. Есірткі қылмысын анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс жалғасып жатыр», - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.
Көп оқылған
23.09.2026, 09:43
Талдықорғанда 40-тан асқан әйел іш киіммен тікелей эфирге шығып, боғауыз сөздер айтқан (ВИДЕО)
23.09.2026, 11:50
«Байыпсыз блогер мен кереғар коучке еліктейді»: депутат жастарға білім-ғылымды насихаттау мәселесін көтерді
Бүгін, 15:22
Тоғыз сарбаз қаза тапты, тағы жетеуінен хабар-ошар жоқ: Ақтауға Қанат Бозымбаев аттанды
23.09.2026, 15:33
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
23.09.2026, 16:38
Қазақстанда доллар бағамы 445 теңгеге дейін түсіп қалды