$ 540.18  628.93  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көкшетауда мас адам өзгенің көлігін айдап кетті

Жәбірленуші шығынды 800 мың теңгеге бағалады

Көкшетауда мас адам өзгенің көлігін айдап кетті
Фото: Polisia.kz

Көкшетауда өзгенің көлігін айдап кетті деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Polisia.kz порталының мәліметінше Көкшетау қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Алмас Темірбаев пен Әлішер Хайруллин өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен күдіктіні ұстады. Оқиға 2 шілдеде саяжай кентінің аумағында болды.

Полицияға жергілікті тұрғыннан Mazda автокөлігі ұрланғаны жайлы арыз түсті. Жәбірленуші шығынды 800 мың теңгеге бағалады.

«Ақпаратқа жақын маңдағы патрульдік экипаж жедел жауап берді. Полицейлер дереу көрсетілген мекенжайға барды, олардың әрекеттерін жедел басқару орталығының инспекторлары үйлестірді», - деп жазылған хабарламада.

Күдікті ұрланған көлікпен алысқа бара алмады. Тәртіп сақшылары оны дереу ұстады. Автокөлік тәркіленді.

Сондай-ақ ұсталған адамға қатысты жүргізуші куәлігінсіз және мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік материал жасалды. Ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары