03.07.2025, 17:21
Жаңалықтар
Қаржы пирамидасы үшін сотталған Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты (ВИДЕО)
Оны жақындары қарсы алды
Фото: видеодан скриншот
Қаржы пирамидасын құрғаны үшін сотталған Мейірхан Шерниязов жазасын толық өтеп, бостандыққа шықты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Аллаға шүкір», - деп жазды актер өз видеосында.
Оны жақын жолдастары мен отбасы күтіп алған.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 19 сәуірде Мейірхан Шерниязов пен актер Мейіржан Төребаев қаржы пирамидасы ретінде танылған Mudaraban Capital ісі бойынша қамауға алынған.
2023 жылғы 23 маусымда екі азамат та кінәлі деп танылып, әрқайсысы 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Шерниязовтың мерзімі толып, ресми түрде босатылды.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды