$ 535.99  626.36  6.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Перизат Қайрат пен анасына қатысты іс сотқа жіберілді

Блогер су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған қаржыны заңсыз иемденіп алған

Перизат Қайрат пен анасына қатысты іс сотқа жіберілді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Бас прокуратура танымал блогер Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты істі елордалық сотқа жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іске қатысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады.

«Бас прокуратура П. Қайратқа және Г.Алашбаеваға қатысты қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жіберді.

Аталған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарынан мүгедек балаларға, сондай-ақ Қазақстанда су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен адамдарға қайырымдылық көрсету желеуімен жиналған 3 миллиардтан астам теңгені жымқыруда айыпталады», - делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін блогер мен анасына қатысты іс прокуратураға жолданғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары