$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әбиба Әбужақыноваға төртінші мәрте көлік табысталды

Бұл жолы оның жаттығатын спорт клубы ескерген

Әбиба Әбужақыноваға төртінші мәрте көлік табысталды
Фото: abiba48/

Қазақстандық дзюдошы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбиба Әбужақынова ел намысын қорғап, жоғары нәтиже көрсеткені үшін «Jenys» спорт клубынан көлік сыйға алды. Бұл туралы спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті, деп жазады Azattyq Rýhy.

 «1 медаль = 1 машина. Бүгін әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанғаныма Jenys клубы көлік атады. Ел мерейін үстем еткенде клубымыз да бізді әрқашан қолдап, жетістігімізге ерекше қуанып отырады. Өте қуаныштымын және Jenys клубыма ризашылығымды білдіремін», – деп жазды спортшы.

Аталған клуб бұған дейін де халықаралық жарыстарда топ жарған спортшыларды ынталандырып, ел намысын қорғағандарға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Бұл жолы да Әлем чемпионатындағы табысты нәтиже елеусіз қалмады.

Осыған дейін Париж Олимпиадасына қатысып, 5-орын алған спортшыға оны қолдаушылар 3 рет көлік сыйлаған еді.

 

Серіктес жаңалықтары