30.06.2025, 15:21
Жаңалықтар
Қазақстандық палуандар Түркияда өткен турнирде 5 медаль жеңіп алды
Нұрқожа Қайпанов пен Ризабек Айтмұхан алтын медаль жеңіп алды
Фото: Olympic.kz
Қазақстан құрамасы еркін күрестен Түркияның Коджаэли қаласында өткен халықаралық турнирде бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жеңіс тұғырының ең биік сатысына Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) пен Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) көтерілді.
Сонымен қатар команда қоржынына үш күміс медаль түсті. Начын Куулар (70 келіге дейін), Азамат Дәулетбеков (86 келіге дейін) және Әлішер Ерғали (125 келіге дейін) екінші нәтиже көрсетті.
Қазақстан командалық есепте Түркияға есе жіберіп, екінші орынға ие болды. Үшінші орын Болгарияға бұйырды.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды