$ 540  630.72  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атбасар ауданында күйдіргі анықталды: бес адам ауруханаға түсті

Індеті бар жануармен бірге жайылған 350 мал оқшауланған 

Атбасар ауданында күйдіргі анықталды: бес адам ауруханаға түсті
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Атбасар ауданында күйдіргінің тері формасына шалдыққан бес жағдай тіркелгенін хабарлады. Барлық науқас ауруханаға жатқан, олардың жағдайлары тұрақты деп бағаланып отыр, деп жазады Azattyq Rýhy.

Инфекция анықталған аумақта санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, денсаулық сақтау органдары, ветеринариялық инспекция, полиция және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен эпидемияға қарсы іс-шаралар басталды.

Атап айтқанда:

  • Зертханалық сынамалар алынып, талдау жүріп жатыр;
  • Эпидемиологиялық және эпизоотологиялық тергеу басталды;
  • Ошақ аумағында дезинфекциялық жұмыстар жасалып жатыр.

«Санэпидбақылау департаменті мен ветеринариялық бақылау комитетінің мамандары Шұңқыркөл ауылдық округіне барып, мал сойылған және жайылған жерлерді тексерді.  Жеті сынақ пробасы алынып, олардың үшеуі оң нәтиже көрсетті. Залалды аумақ механикалық тазартылып, дезинфекция жасалды, ал қалдықтар толық өртеліп, көмілді», - делінген хабарламада.

Аталған округ аумағында шамамен 350 мал басы жайылып жүрген, қазір малдар оқшауланып, арнайы қоршауда ұсталып отыр.

Серіктес жаңалықтары