18.06.2025, 17:28
Жаңалықтар
Перизат Қайрат пен анасының ісі прокуратураға жолданды
Олар 3,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілінде
Фото: t.me/kozachkow
Қаржылық мониторингі агенттігі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, 2025 жылғы 19 наурызда тараптар 109 томнан тұратын қылмыстық іс материалдарымен танысуға кірісті.
Бұған дейін хабарланғандай, залал сомасы 3,5 млрд теңгені құрады.
«Ұрланған қаражатқа сатып алынған 865 млн теңге көлеміндегі мүлікке тыйым салынды. Қылмыстық іс айыптау актісін бекіту және сотқа жолдау үшін Бас прокуратураға берілді», - делінген ведомство хабарламасында.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды