$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Күтеміз»: Айжұлдыз Адайбекова жақсы жаңалығын бөлісті

Сәкен Қағаров екеуі алғаш рет ата-ана атанбақ

«Күтеміз»: Айжұлдыз Адайбекова жақсы жаңалығын бөлісті
Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/

Белгілі қазақстандық блогер, дизайнер әрі инфлюенсер Айжұлдыз Адайбекова сәби күтіп жүргенін жариялады. Ол бұл қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бейнежазба арқылы жеткізген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Бейнероликте аналық мейірім, адамзат табиғаты мен махаббаттың түрлі формасы көркем түрде бейнеленген. Айжұлдыз өзінің сезімін философиялық және нәзік сипатпен бөліскен.

«Бақыт пен қиын процестен тұратын жаратылыс. Әр ана кезінде бала болды, кейін дана, одан кейін – ана. Бұл видеода түрлі махаббат пен жылу формасы көрсетілген. Және де кімді күтетінімізді көрсеттік», – деп бөлісті Айжұлдыз.

Сәкен Қағаров екеуі алғаш рет ата-ана атанбақ

Айжұлдыз Адайбекова мен оның серігі Сәкен Қағаров алғаш рет ата-ана болатынын қуана хабарлаған. Желі қолданушылары жас жұпты жаппай құттықтап, жылы лебіздерін арнап жатыр.

Айта кетейік, Айжұлдыз бен Сәкен соңғы уақытта бірге жиі көрініп, жанкүйерлер арасында қызығушылық тудырған еді. Енді олар бұл қарым-қатынасты жаңа кезеңге шығарып отыр.

Әсерлі жарияланым желіде кең тарады

Жүктілік туралы жаңалық жарияланған сәттен бастап.

  • Instagram-дағы видеоға 70 мыңнан астам лайк қойылған
  • 1,5 мыңнан астам пікір жазылып, жұрт құттықтауын жаудырды
  • Айжұлдыздың жазбасы эмоциялық тереңдігімен ерекшеленіп, көпшіліктің жүрегінен орын тапты.

Контекст

Айжұлдыз Адайбекова – отандық шоу-бизнес пен сән саласында белсенді, шығармашылық жобаларымен және ойлы жазбаларымен танымал тұлға. Айта кетсек, бұған дейін өткен аптада блогер, актриса Айжұлдыз Адайбекова ерекше стильде ұзату тойын өткізіп, ел назарын аударған еді. Жанар Айжанова Айжұлдыздың тойы қашан өтетінін айтты. Ол сәукеле мен қазақтың ұлттық киімінің орнына ол өз қиялынан шыққан әдемі образды таңдап, аяғына кроссовки киіп шықты. Оған дейін Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбековаға сырға салынғаны хабарланған еді. Ол блогер Сәкен Қағаровпен заңды некеге отырды. Оған дейін екеуінің тойы қашан өтетінін айтылды. Айжұлдыз Адайбековаға сүйіктісі, блогер Сәкен Қағаров Исландиядағы сарқыраманың жанында тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасады.

Серіктес жаңалықтары