12.06.2020, 04:46
Жаңалықтар
Еуроодақ елдері 1 шілдеден бастап сыртқы шекараны ашады
Ал ішкі шекаралық бақылау 15 маусымнан бастап алынады
Фото: ашық дереккөзден
Еурокомиссия Еуроодаққа мүше мемлекеттерге 15 маусымнан бастап ішкі шекараны, ал 1 шілдеден бастап сыртқы шекараны кезең-кезеңімен ашуды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Еурокомиссияның ресми сайтына сілтеме жасап.
«Еурокомиссия сапарға шығуды шектеуді алып тастауды ұсынып отырған жоқ. Шектеу мүше мемлекеттермен бірлесіп, таңдалған елдерде ғана алынуы тиіс. Кейбір мемлекеттерде эпидемиологиялық жағдай әлі де сын көтермейді», - деп жазылған сайттағы ақпаратта.
Сонымен қатар Еурокомиссия Еуроодаққа кіруге рұқсат берілетін шетелдіктер санатын кеңейтуді ұсынды.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 07:18
Астанада көктайғақ, Алматыда қар: үш күнге арналған ауа райы болжамы
15.11.2026, 08:51
Қазақстанда балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынғаны рас па? Министрлік жауап берді
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
