$ 546.36  630.44  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астананың сол жағалауында дрондар шоуы өтті

Дрондар шоуына ондаған мың адам жиналды

Астананың сол жағалауында дрондар шоуы өтті
Фото: Астана әкімдігі

Елордада Қазақстан полициясы күніне орай ерекше дрон-шоу өтті. Аспанды түрлі-түсті жарықпен көмкерген 550 дроннан құралған көрініс 20 минутқа созылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жарық композициялары заң, тәртіп және қауіпсіздік ұғымдарын бейнелеп, көрермендерге терең мағына мен әсерлі көрініс сыйлады. Шараға он мыңдаған адам жиналды.

«Заң және Тәртіп» қағидаты аясында жүзеге асқан шара

Дрон-шоу – Астанада іске асырылып жатқан «Заң және Тәртіп» қағидаты шеңберіндегі кең ауқымды іс-шаралардың бірі. Бұл бағдарлама аясында қалада түрлі акциялар, профилактикалық рейдтер, тұрғындармен кездесулер мен құқықтық дәрістер өткізіліп келеді.

Мақсат – құқықтық мәдениетті қалыптастыру

Игі бастаманың басты мақсаты – қоғамда құқықтық мәдениетті нығайту және азаматтардың заңға бағыну құндылықтарын арттыру. Шара ел азаматтарының құқықтық сауаттылығын көтеріп, қоғамдық тәртіпті сақтау маңызын насихаттауға бағытталған.

Серіктес жаңалықтары