Шавкат Мирзиёев өз қызын лауазымды қызметке тағайындады
Өзбекстан президентінің әкімшілігінде жаңа лауазым енгізілді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев ел басшысы әкімшілігінің құрылымына өзгеріс енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Президент әкімшілігіне жаңа лауазым – Президент әкімшілігінің басшысы енгізілді. Бұл қызметке мемлекет басшысының үлкен қызы – Саида Мирзиёева тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі UzDaily.uz басылымына сілтеме жасап.
Бұған дейін Саида Мирзиёева президенттің көмекшісі қызметін атқарған болатын.
Саида Мирзиёева 2022 жылдың қарашасынан бері Президент әкімшілігінің атқарушы аппаратында коммуникация және ақпараттық саясат мәселелері бойынша секторды басқарған.
Саида Мирзиёева – Дүниежүзілік экономика және дипломатия университетінің түлегі. Сонымен қатар, ол Ташкент мемлекеттік заң университетінде және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде магистрлік білім алған. Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.