$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қандай көрегенділік»: атасының келініне айтқан алғысы жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)

Видео әлеуметтік желіде таралды

«Қандай көрегенділік»: атасының келініне айтқан алғысы жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Отбасылық отырыстың соңында дастарханнан ет табақ алып, артынша үлкендерге сәлем салған келін мен оған алғыс айтқан атасының әрекеті жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеоға назар аударсақ, дастарханның төрінде отырған қарт кісі келінге төсқалтасынан шығарып, алғыс ретінде 5 мың теңге бергенін байқауға болады.

Қария кісі мен келіннің әдебі желі қолданушыларын еріксіз сүйсінтті.

«Не деген көрегенділік», «Елге үлгі боларлық іс екен», «Балам деген сөзі елжіретіп жіберді», «Осындай кісілерге ризамын, балам дейді, тағы ақшасын беріп жатыр, сыйға сый деген осындай болу керек», «Келін істеуге міндетті демей, үлкендер жақтан да осындай ілтипат болса ажырасулар аз болушы еді», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін келінін еркелеткен ене жұрттың ыстық ықыласына бөленгені хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары