$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Марқакөлде екі ер адам суға батып бара жатқан бозбаланы құтқарамын деп мерт болды

Іздеу жұмысына 176 адам жұмылдырылды

Марқакөлде екі ер адам суға батып бара жатқан бозбаланы құтқарамын деп мерт болды
Фото: ШҚО ТЖД

Шығыс Қазақстан облысының Боран ауылы маңындағы Қара Ертіс өзенінде 21 маусым күні қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Суға шомылуға тыйым салынған орында 2007 жылы туған жасөспірім суға батып кетті.

Құтқармақ болған екеуі өздері де суға кетті

Жасөспірімді құтқаруға тырысқан 33 және 34 жастағы екі ер адам ағыстың күшіне шыдай алмай, өздері де суға кетті. Үшеуі де бірінен кейін бірі батып кеткен.

Құтқару жұмысы

Оқиға орны мен ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, іздестіру-құтқару жұмыстары бірден басталды.

Қазіргі уақытта (23 маусымдағы жағдай бойынша) 2007 және 1991 жылы туған екі адамның денесі табылған. Тағы бір адамның мәйіті іздестірілуде.

Іздестіру жұмысына тартылған күштер

Іздестіру-құтқару операциясына ШҚО және Абай облыстарының құтқарушылары, полиция қызметкерлері, еріктілер, жергілікті атқарушы органдар мен шекара қызметі жұмылдырылған.

Жұмылдырылғандар:

  • 176 адам;
  • 15 жүзу құралы;
  • 3 ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон);
  • су асты дроны және эхолот.

Ескерту

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға арнайы белгіленбеген, тыйым салынған орындарда суға түспеуге шақырады. Мұндай жағдайлар қайғылы оқиғаларға себеп болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары