$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Александр Бублик Германиядағы беделді турнирдің финалына шықты

Ол финалда ресейлік теннисшімен кездеседі

Александр Бублик Германиядағы беделді турнирдің финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (ATP рейтингінде 45-орында) Германияның Галле қаласында өтіп жатқан беделді ATP 500 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жартылай финалда ол ресейлік Карен Хачановты (22 ATP) ерекше ерік-жігермен жеңіп шықты. Есеп: 4:6, 7:5 (7:5), 6:4.

Бұл қос теннисшінің кәсіби деңгейдегі екінші кездесуі болды. Қазіргі есеп – 1:1.

Финалда Медведевпен кездеседі

Финалда Бублик тағы бір ресейлік теннисші, әлемнің экс-нөмірі екінші ракеткасы – Даниил Медведевпен (11 ATP) кездеседі. Медведев өз кезегінде екінші жартылай финалда германиялық Александр Зверевті (3 ATP) жеңді.

Бубликтің екінші титулын жеңіп алуына бір қадам қалды

Айта кетейік, 2023 жылы Александр Бублик дәл осы турнирде чемпион атанған болатын. Ол кезде бұл ATP 500 санатындағы жарыстағы алғашқы жеңісі еді. Енді Бублик үшін екі жыл бұрынғы жетістігін қайталау мүмкіндігі туып отыр.

Финалдық матч 22 маусым күні өтеді.

Серіктес жаңалықтары