$ 539.55  627.55  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ата-анама кетіп қалдым»: Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуінің ұрған сәтін есіне алды (ВИДЕО)

Ол отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесін қозғады

«Ата-анама кетіп қалдым»: Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуінің ұрған сәтін есіне алды (ВИДЕО)
Фото: Dina Tolepbergen/YouTube/Видеодан скрин

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуі – Бақытбек Есентаев жайлы айта келе, қоғамдағы түйткілді мәселелердің бірін көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Продюсер ер адамның үйіндегі жұбайына қол көтеру мәселесін қозғап өтті.

«Бірінші күйеуімнен алғаш рет кетіп қалғанда ата-анам ешнәрсе айтпай, үйіне кіргізді. Олардың ешқайсысы маған «шыда, шыдау керек» деп айтпаған. Осы сөз мені қалай ызаландырады. Біздің ұлттық көзқарасамыз. Шыда, шыда дейді. Қыз не үшін шыдау керек?

Анам ылғи айтып отыратын, ер адам бір рет қол көтергеннен кейін кешірсең, өмір бойы көкала қойдай сабап өтеді. Осыны анам айтатын. Міне бір рет қол көтергеннен кейін киімдерімді жинадым да кетіп қалдым», - деп Баян Мақсатқызы өткенін есіне алды.

Айта кетейік, Баян Мақсатқызы қазіргі күйеуі Тұрсын Алагөзовпен алғашқы кездесуінен алған әсері жайлы айтқаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары