18.06.2025, 08:14
Жаңалықтар
Рудныйда бірнеше сағат ішінде екі бүлдіршін жоғары қабаттан құлап кетті
Бір жарым жасар қыз екінші қабаттан, ал 7 жастағы ұл бесінші қабаттан құлаған
Фото: istockphoto.com
Рудный қалалық көпбейінді ауруханасына бірнеше сағат аралығында екі бала жоғары қабаттан құлап, түрлі жарақаттармен жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қыз баланың жағдайы өте ауыр
1,5 жасар бүлдіршін қыз екінші қабаттан құлап, ауыр жарақат алған. Оған облыстық балалар ауруханасынан келген хирургтар шұғыл ота жасады. Олар Рудныйға санавиация желісі арқылы түнде жеткен.
«Қыздың жағдайы өте ауыр», – деп мәлімдеді дәрігерлер.
Ұл баланың жағдайы тұрақтандырылды
Ал 7 жастағы ұл бала бесінші қабаттағы пәтер терезесінен құлаған. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақтандырып үлгерген, алдағы уақытта ол облыстық балалар ауруханасына ауыстырылады.
Балалар қауіпсіздігі үшін есте сақтаңыз:
- Терезелерге қорғаныш тор орнатыңыз;
- Бала терезеге жақындамауы үшін жиһазды алшақ қойыңыз;
- Пластикалық терезе тұтқаларын арнайы құлыппен жабдықтаңыз;
- Балаға терезе маңында ойнауға мүлде тыйым салыңыз.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы