Баян мен Тұрсын Алагөзовтер Аша Матайдың әкесіне қымбат сыйлық жасады
Аша Матай туған күн иесінің ерекше сыйлық алған сәтін көрсетті

Қазақстандық танымал әнші әрі тележүргізуші Аша Матай әлеуметтік желіде әкесіне арналған бағалы сыйлықты көрсетті. Белгілі болғандай, сағатты оған жездесі Тұрсын Алагөзов пен апасы Баян Алагөзова тарту еткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Cartier сағаты – туған күнге арналған сый
Instagram парақшасында жарияланған видеода Аша Матай әкесіне Cartier Santos үлгісіндегі сағатты табыстап жатқан сәт түсірілген. Қымбат сый туған күн құрметіне берілген.
«Бұл – Тұрсын жезде мен Баяшка тәтеміздің сыйлығы»,– деп туыстарын белгілеп, алғысын білдірген Аша.
- Сағат фирмалық қорапта ұсынылған
- Болжам бойынша, модельдің бағасы 6 800 АҚШ долларынан басталады
- Видеодан жылы қарым-қатынас пен отбасы мүшелерінің қуанышы байқалады.
Контекст
Айта кету керек, продюсер Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев пен қазіргі жұбайы Тұрсын Алагөзовті салыстырды. Оған дейін күйеуінің бала күнінде түскен суретін көрсетті. Баян Алагөзова кіші қыздарының жүзі анық көрінетін суреттерін алғаш рет жариялады. Оған дейін ол өзіне сын тағып жүргендерге жауап берді. Сонымен қатар Баян Алагөзова өзі орыстілді болса да, қыздарының қазақ тілін қалай меңгеріп алғаны туралы айтты. Оған дейін баланың тұсауын кесемін деп жұрттың сынына ұшырады.