Баян Алагөзова екі қызына қатысты шындықты айтты
Баян Алагөзова қыздары орыс тілінде еркін сөйлейтінін, бірақ бұл жағдай олардың қазақ тілін дамытуына кедергі келтірмейтінін айтты

Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова өзі орыстілді болса да, қыздарының қазақ тілін қалай меңгеріп алғаны туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақ мектебінде оқыды
Продюсер 70-жылдары Орал халқының 20 пайызы ғана қазақ болғанын атап өтті.
«Орал қаласындағы мектепте мен сыныпта ғана емес, мектепте жалғыз қазақ болдым. Орал орыстілді қала болды», - деп еске алды Баян Алагөзова.
Осы себепті Баян Алагөзова балаларын қазақ мектебіне берген.
«Айсәуле де, Айару да қазақ мектебінде оқыды, себебі мен бала шешесінің тілінде сөйлейтінін түсіндім. Ал ана тілін тек мектеп оқытады», - деп түсіндірді қоғам қайраткері.
Баян Алагөзова қыздары орыс тілінде еркін сөйлейтінін, бірақ бұл жағдай олардың қазақ тілін дамытуына кедергі келтірмейтінін айтты.
Сахна сұлу адамдарға арналған
Бұған дейін Баян Алагөзованың сахнада келбетті, сұлу адамдар болуы керек деген пікірі желіде талқыланған болатын. Ол өз көзқарасында әдемілік қандай болуы керек екенін түсіндіріп берді.
«Менің жеке пікірім – сахнада әдемі адамдар болуы керек. Себебі, сахна маған арналған. Мен бұл ойымды ешкімге таңбаймын. Ал өзім сахнада әдемі адамдар болуы үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын», - дейді Баян Мақсатқызы.
Продюсердің бұл пікірімен көпшілік келіспейтінін ерекше айтып өтті.
«Сахнада кескін-келбетіне қарамастан талантты адамдар болуы керек», «Менің ойымша сахна талантты адамдарға арналған», «Сонда талант, харизма, энергия қайда қалды?», «Сіздің қыздарыңыз қандай жетістіктерге жетті?», «Баян, сізге тәнтімін, бірақ бұл сөзіңізбен мүлдем келіспеймін», - деп жазды желі қолданушылары.