$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның кей өңірлерінде дабылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» 6 маусым, жұмаға жасалған ауа райы болжамын ұсынды

Қазақстанның кей өңірлерінде дабылды ескерту жарияланды
Фото: pixabay

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық болады, бұршақ жауып, жел соғады, найзағай ойнайды, дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Павлодар мен Атырауда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қонаев пен Абай облысында 36 градусқа дейін қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент, Петропавл, Түркістан қалаларында екпіні 15-20 м/с жел соғып, өрт қаупі жоғары болады.

Оралда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғады, жел күшейіп, жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбеде, Атырау, Түркістан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел соғады, өрт қаупі жоғары.

Жезқазғанда, Қарағанды, Алматы, Ұлытау облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел күшейіп, 38 градусқа дейін аптап ыстық болады және өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары