06.06.2025, 06:07
Жаңалықтар
«Qarmet» компаниясынан 1 млрд теңге ұрланды
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 14 адам ұсталды
Фото: «Qarmet» АҚ баспасөз қызметі
Ішкі істер министрлігі «Qarmet» компаниясынан 1 млрд теңге ұрланғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция қызметкерлері «Qarmet» компаниясының және басқа да ұйымдардың бұрынғы қызметкерлерін ұстады.
«Олар бір миллиард теңгеге жуық ақша ұрлаған», - деп жазылған Polisia.kz таратқан хабарламада.
Қылмыстық схема бойынша аталған топ алдын ала келісіп, компанияның өндірістік қалдықтарын Теміртау қаласы жанында қайта өндеусіз қалдырған.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 14 адам ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Көп оқылған
22.11.2026, 08:33
Елордада тұмау жұқтырғандар көбейді: науқастар арасында балалар мен жүкті әйелдер бар
22.11.2026, 16:07
23 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге, өзімнің 4 млн теңге қарызым бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
22.11.2026, 10:40
Ақтөбе облысында көліктің барлық түрі үшін жол ашылды
22.11.2026, 13:15
СҚО-да жабылған тасжолдардағы қозғалыс қайта ашылды
