Атырауда видеоблогер қылмыс үстінде ұсталды (ВИДЕО)
Күдіктілер тінту шаралары кезінде полиция қызметкеріне күш қолданды

Атырауда видеоблогер кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Кәсіпкерді қорқытқан
«Атырауда 33 жастағы видеоблогер мен 39 жастағы қала тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деп жазылған хабарламада.
Олар жеке кәсіпкерден 2 миллион теңге қорқытып алды деген күдікке ілінді.
Полицейге күш қолданды
Сондай-ақ тінту шаралары кезінде полиция қызметкеріне күш қолданған.
Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қорқытып алу және билік өкіліне күш көрсету әрекеттері бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.
Еске сала кетейік, биылғы жылыдң ақпанында Қостанай облысының Қарабалық ауылында дәл осындай оқиға болған еді. Ол кезде блогер кәсіпкерден ірі көлемде ақша талап етіп,15 миллион теңге алып жатқан жерінен ұсталған.