22.02.2025, 14:43
Жаңалықтар
15 млн теңге алған: Қостанай облысында кәсіпкерді бопсалаған блогер ұсталды
Ол кәсіпкерге қатысты компромат жариялаймын деп қорқытқан
Фото: © istockphoto.com
Қостанай облысының Қарабалық ауылында кәсіпкерден ірі көлемде ақша талап еткен блогер ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті әлеуметтік желі арқылы кәсіпкерді бопсалап, оған қатысты компромат жариялаймын деп қорқытқан. Ақша талап ету барысында полиция қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен арнайы операция жүргізіп, оны қолма-қол 15 миллион теңге алып жатқан жерінен ұстаған», — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ішкі істер органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды