$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Мерейді асырап алу – Зәкеңнің идесы»: Мақпал Жүнісованың қызы жайлы құпиясы әлі талқыланып жатыр (ВИДЕО)

Ол бауырының баласын асырап алғанын осыған дейін айтқан

«Мерейді асырап алу – Зәкеңнің идесы»: Мақпал Жүнісованың қызы жайлы құпиясы әлі талқыланып жатыр (ВИДЕО)
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Әнші Мақпал Жүнісова қызы Мерей Заманбекқызы жайлы айтқан құпиясы ел аузында әлі күнге дейін талқыланып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әнші өз сөзінде қызы Мерейді бауырынан асырап алу туралы идеяны марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділов көтергенін айтты.

«Бауырдың баласы маған ауыр болған жоқ. Мен оны аламын деп те ойлаған жоқпын ғой. Ол баланы жоспарлап, біз аламыз деген ойымыз да, жоспарымыз да болмаған. Келін екі қыз туған ғой. Содан мына қызды босанады. Содан біздің бауыр «төркініңе кет, тағы да қыз тудың» деген. Сол әңгімеге ашуланып, Зәкеңе айтамын ғой, «Құдай-ай, бізге бала бермей жатқанда тағы да қыз тудың деген не әңгіме» дедім. Сонда Зәкең былай көрсетіп (сұқ саусағымен маңдайының оң жағына көрсетті), «Есің дұрыс па? Осы сәтті пайдаланып қалайық» деп ана қызды алып кетті ғой. Аңдып отырып, осы баланы мен аламын деді. Идея менікі емес, ол Зәкеңдікі.

Мүмкін арамыз алыстап бара жатқан соң солай жасаған шығар. Сол уақыттары мен де шаршадым, арамызда бала жоқ. Зәкең болса, айғай, жан-жақтан жасалған шабуылмен жүрді. Сол кезде шіркін-ай, бір бала жүгіріп жүрсе екен деп бір армандайсың ғой», - деп Мақпал Жүнісова жан сырын ақтарды.

Желі қолданушылары осыған қатысты түрлі пікір білдірді.

«Бала тапқандікі емес. Баққандікі. Иә, Заманбек ағайдан аумайды, бақытты болсын!», «Мерейді Зәкеңе ұқсатамын», «Кім не десе о десін, Мақпал емес Зәкеңнің аузынан түскен сиякты, аумайды», «Мерей тура Заманбек мырзаға қатты ұқсайды, өз кіндігінен сияқты, аман болыңыздар», «Мерей өте керемет қыз, өте тәрбиелі, саналы, көзі ашық, көкірегі ояу қыз», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін Мақпал Жүнісованың қызы Мерейге жасаған ескертуі көпшілікті сүйсінткені хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары