$ 510.19  582.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Польшаның жаңа президентін құттықтады

Польшаның президенті болып Кароль Тадеуш Навроцкий сайланды

Тоқаев Польшаның жаңа президентін құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Тадеуш Навроцкийді Польша президенті болып сайлануымен құттықтады.

«Еліңіздің әлеуметтік-экономикалық дамуын баянды етіп, халқыңыздың ырыс-берекесін еселеу жолындағы игі бастамаларыңыз бен қолға алған жоспарларыңыздың табысты жүзеге асуына шынайы тілектеспін. Қазақстан мен Польша арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністік рухындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында өзіңізбен бірлесе күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын», – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Тадеуш Навроцкийдің аса жауапты қызметіне сәттілік, достас Польша халқына құт-береке тіледі.

Серіктес жаңалықтары