$ 510.19  582.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ерте ме, кеш пе ажалы келген адам өледі»: Белғожаев жарыссөзде Нұрымовты жауапқа тартуды сұрады

Ол 660 млн теңге сома да тым көп дейді

«Ерте ме, кеш пе ажалы келген адам өледі»: Белғожаев жарыссөзде Нұрымовты жауапқа тартуды сұрады
Фото: видеодан скриншот

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында сотталушы Шыңғыс Белғожаев жарыссөзде Шерзаттың ажалы жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұл өмірде ешкім мәңгі емес. Барлығымыздың баратын жеріміз - бір. Ажалы келген адам ерте, не кеш емес, тура келген уақытында қайтады. Қамшының сабындай қысқа мына жалған өмірде барлығы қош айтысады. Осы қайғылы оқиғаға біз себепкер болып отырмыз. «Ер жігіт көрмеймін деген жерін үш көреді, жақсы ат баспаған жерін үш басады» дейді. Біздің оқиғамыз да сол сияқты. Думан Ысқақ ортамызда себепсіз отыр. Дархан Әскентайды сол күйі танымай кеттім. Қаржаубай Нұрымовты жауапкершілікке тартуды сұраймын», - деді Белғожаев.

Ол жәбірленуші тарап 660 млн теңге сұрап отырғанын көп деп айтты.

«Бұл ақшаны осы отырған 9 адам өмір бақи жұмыс істесек те, таба алмаймыз. Сондықтан оны қанағаттандырусыз қалдыруды сұраймыз», - деді Шыңғыс Белғожаев.

Айыптаулар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бірнеше баптары бойынша, оның ішінде 99-бап (кісі өлтіру), 188-бап (ұрлық), 293-бап (бұзақылық) және 434-бап (қылмысты жасыру) бойынша тағылған. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, Шерзат Полат пышақ жарақатынан кейінгі қан жоғалтудан көз жұмған.

Серіктес жаңалықтары