$ 510.19  582.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Соттан мені ақтауды сұраймын»: Думан Ысқақ әділдік сұрады

Ол - сотталушылар ішінде кәмелетке толмаған жалғыз адам

«Соттан мені ақтауды сұраймын»: Думан Ысқақ әділдік сұрады
Фото: видеодан скриншот

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында кәмелетке толмаған Думан Ысқақ судьядан өзін ақтауын сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен өзімнің адвокатымның айтқанымен келісемін. Мен болған оқиға жайлы түнгі 11-12-лер шамасында білдім. Біз барлығымыз бір ауылда тұрғандықтан, бір-бірімізді танимыз. Көмектесіп жүрген көршілерміз. Соттан мені ақтауын сұраймын, әділ шешім болғанын қалаймын», - деді Думан Ысқақ.

Қылмыстық іс бойынша тоғыз адам айыпталуда, олардың ішінде Думан Ысқақ кәмелетке толмаған. Айыптаулар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша, оның ішінде 99-бап (кісі өлтіру), 188-бап (ұрлық), 293-бап (бұзақылық) және 434-бап (қылмысты жасыру) бойынша тағылған. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, Шерзат Полат пышақ жарақатынан кейінгі қан жоғалтудан көз жұмған.

Серіктес жаңалықтары