02.06.2025, 15:09
Жаңалықтар
Алматыдағы жарылыс: Алатау ауданында үйінді астынан ер адамның мәйіті табылды (ВИДЕО)
1980 жылы салынған ғимарат қираған
Фото: видеодан скриншот
2025 жылғы 2 маусымда сағат 13:55-те Алматы қаласы Алатау ауданының «Шапағат» ықшам ауданында, Биянху көшесі мекенжайы бойынша болған жарылыс салдарын жою барысында құтқарушылар 1949 жылы туған ер адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдын ала ақпарат бойынша, газ-ауа қоспасының жарылысы салдарынан 1980 жылы салынған жеке тұрғын үйдің құрылымдары қирағаны анықталды.
Оқиға орнына жедел штаб құрылып, төмендегі жауапты құрылымдардың күші мен құралдары тартылды:
- Алматы қаласы әкімдігі;
- Төтенше жағдайлар департаменті;
- ҚР ТЖМ Республикалық жедел құтқару жасағы;
- Кинологиялық қызмет;
- Апаттар медицинасы орталығы;
- «109» Қалалық құтқару қызметі;
- Қаланың өзара іс-қимыл қызметтері.
Қазіргі таңда жарылыстың нақты себептері мен мән-жайларын анықтау үшін жедел-тергеу тобының жұмысы жүргізілуде.
Көп оқылған
29.06.2026, 10:54
«Қалжың деп ойлаған еді»: астаналық жас жұбайлар Threads арқылы танымайтын адамдарды тойына шақырды
29.06.2026, 13:32
«Военкоматтан келіп тұрмын»: жас жігіт әскерден қашамын деп Ақбұлақ өзеніне секіріп кетті (ВИДЕО)
29.06.2026, 10:35
Қазақстанда алдағы күндері 38 градус ыстық болады: үш күнге арналған болжам жарияланды
29.06.2026, 11:05
«Өз өмірім үшін қорқамын»: Алматыда жұмбақ жағдайда көз жұмған Вероника Соколованың анасы дабыл қақты