02.06.2025, 14:12
Жаңалықтар
Парақорлардан қайтарылған 570 млн теңге: Ұлытау облысында су құбыры салынып жатыр
Қай ауылдарға су берілетіні анықталды
Фото: istockphoto.com
Үкімет Арнаулы мемлекеттік қор есебінен Ұлытау облысындағы су құбыры желілерін тарту үшін 570 млн теңгеден астам қаржы бөлді. Бұл – ауыл тұрғындарының ауыз суға қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қай ауылдар қамтылып отыр?
Ералиев ауылдық округі мен Ақбастау ауылындағы №189 разъезд құбырының құрылысына 274 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.
Бидайық ауылдық округіне жаңа су құбырын тарту үшін 296 млн теңге қарастырылған.
Ауызсуға толық қолжетімділікке қадам
Жоба аяқталғаннан кейін Жаңаарқа ауданындағы тұрғындардың ауыз сумен қамтылу деңгейі 100% болады. Бұл – ауыл инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды жетістік.
Жалпы ел бойынша ахуал
- Қазақстан бойынша қалалық елді мекендердің сумен жабдықталу деңгейі – 99,4%;
- Ауылдық елді мекендерде – 97,8%;
- Ұлытау облысында қалалар толықтай (100%), ал ауылдар 97,3% сумен қамтылған.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 15:50
Аптап ыстықтың беті қайта ма: алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды