«Той иесіне сабыр берсін»: әнші Бүркіт Шымкентте күтпеген жағдайға тап болғанын айтты (ВИДЕО)
Видеодан тойханадан адамдардың сыртқа шығып жатқанын көруге болады

Танымал әнші Бүркіт (шын аты – Айбек Жансейітов) өртеніп жатқан тойхананың видеосын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тұрақта көлік өртенген
Видеодан тойхананың айналасын қара түтін басқанын көруге болады. Адамдар сыртқа шыққан.
«Шымкентке ұшып келіп, тойхана барсақ, тойханамыздан түтін шығып жатыр. Адамдар аман. Аллаһым амандығын берсін. Тұрақта көлік жанып кетті дей ме, сондай бір жағдай. Елдің бәрі далада жүр», - деп жазды әнші.
Әр нәрсенің қайыры бар
Желі қолданушылары той иесінің жағдайына алаңдаушылық білдіріп жатыр.
«Той иесіне сабыр берсін, әр нәрсенің қайыры бар деген», «Келген бәле сонымен кетсін, тойды жақсы өткізіп алыңыздар», «Той иесіне обал болды, қаншама күн дайындалғаны құр кетті», - деп жазды олар.
Еске сала кетейік, көпбалалы әке атанған әнші Бүркіт таяуда әйелін перзентханадан ешкімге айтпай шығарып алғанын хабарлаған болатын.
Келіні мен немересін қарсы алған Бүркіттің анасы Айша Көпжасарованың қуаныштан көңілі босап, көз жасына ерік берді.
"Үйге келдік аман-есен келдік. Мамамның көңілі босап кетті», - деп жазды әнші.