$ 511.59  575.28  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ешкімге айтпай кетіп қалдық»: Бүркіттің анасы неге жылады (ВИДЕО)

Желі қолданушылары жұлдызды отбасыға ақжарма тілектерін айтып жатыр

«Ешкімге айтпай кетіп қалдық»: Бүркіттің анасы неге жылады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Танымал әнші Бүркіт (шын аты – Айбек Жансейітов) бүгін әйелін перзентханадан шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бірнеше күн бұрын көпбалалы әке атанған отағасы Instagram желісінде видео жариялады, одан Бүркіт пен Айшаның (Виктория Жансейітова) жаңа туған қызымен бірге үйге кіріп бара жатқанын көруге болады.

Келіні мен немересін қарсы алған Бүркіттің анасы Айша Көпжасарованың қуаныштан көңілі босап, көз жасына ерік берді.

"Үйге келдік аман-есен келдік. Мамамның көңілі босап кетті», - деп жазды әнші.

Ол жұбайын перзентханадан ешкімге айтпай шығарып алғанын атап өтті.

Желі қолданушылары жұлдызды отбасыға ақжарма тілектерін айтып жатыр.

"Бүркіт, Аиша қуаныштарыңыз ұзағынан болсын! Бөпеңіздің бауы берік болсын!!! Бақытты қыз болсын. Ана шіркін сондай ғой, перзенті үшін қуанса да көзіне жас алады», - деп жазды олар.

Еске сала кетейік, қазақ эстрадасының танымал өкілі, Бүркіт атымен танылған Айбек Сейітов екі күн бұрын қызды болды. Өнер иесі әлеуметтік желіде көптен күткен қуанышын бөлісіп, елден сүйінші сұрады.

Серіктес жаңалықтары