$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте жарықдиодты экранға әдепсіз жазба шығып кетті

Экранды пайдалану ережесі бұзылғаны анықталды

Шымкентте жарықдиодты экранға әдепсіз жазба шығып кетті
Фото: Шымкент әкімдігі

Шымкенттегі орталық көшелердің бірінде орналасқан жарықдиодты экранға әдепке жат жазба рұқсатсыз орналастырылған, оқиғаға қатысты әкімдік ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Экран иесі жазаланады

Куәгерлердің бейнематериалдары мен суреттері әлеуметтік желілерде тарап кеткен.

«Қазіргі уақытта экран өшірілді. Цифрлық тасымалдағыштың техникалық қауіпсіздігі мен мазмұнына жауапкершілік құрылғы иесіне жүктеледі. Экранды пайдалану ережесінің бұзылуына байланысты аудандық әкімдік тарапынан иесіне қатысты әкімшілік шара қолдану басталды», - деп жазылған хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше конструкция иесі қала тұрғындары мен қонақтарынан келеңсіз жағдай үшін кешірім сұрайды.

Тергеу жұмыстары басталды

Қосымша түрде бұл іске үшінші тараптардың араласуы мүмкін деген күдік бойынша тексеру жүргізілуде. Материалдар құқық қорғау органдарына берілді.

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оның нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданады», - деп түйіндеді әкімдік.

Еске сала кетейік, Астананың қақ ортасында жезөкшенің жарнамасы дүйім жұртқа жарнамаланғаны туралы видео тараған болатын. Жарнамада жезөкшенің ұсынған қызмет түрлері мен бағасы ашықтан-ашық көрсетілген.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Шымкент