29.05.2025, 10:38
Жаңалықтар
Қазақстанда есірткі зертханасын ұйымдастырды деген күдікті Ресейде ұсталды
Ол енді 12 жылға дейін сотталуы мүмкін
Фото: istockphoto.com
Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдарының қызметкерлері Ресей Федерациясының Свердлов облысында Қазақстан азаматын ұстады. Ол еліміздің аумағында есірткі зертханасын ұйымдастырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұсталған азамат 2024 жылы облыс аумағынан жеке үй сатып алып, онда аса ірі көлемде «мефедрон» есірткісін өндірген.
Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазіргі уақытта прокуратура күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау шараларын жүргізіп жатыр.
Бұл қылмыс 12 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді