29.05.2025, 10:10
Жаңалықтар
«Алдыма сүмірейіп келді»: әнші Нұрболат Қанай Kalifarniya жайлы айтты (ВИДЕО)
Нұрболат Қанай «Қызық Таймс» бағдарламасында Kalifarniya туралы айтты
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
Әнші Нұрболат Қанай «Қызық Таймс» бағдарламасына қатысып, өнердегі досы Kalifarniya жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол әнші досы жайлы әзілдеп, әлі күнге дейін қарызын қайтармай жүргенін тілге тиек етті.
«Фархат Қалиев (лақап аты – Kalifarniya), 3 мың теңгемді қайтар. Ол кезде атақты емес қой, әлі аты шықпаған. Сол кезде сүмірейіп алдыма келді. Қанай аға, 3 мың теңге бере тұршы. Ертең бағым ашылғанда, аударып жіберемін деді. Содан жоқ. Міне, осы жерде отырды ғой», - деп Нұрболат Қанай досы жайлы әзілдеп айтты.
Айта кетейік, осыған дейін әнші Нұрболат Қанай жұбайына 8 наурызға 3 млн теңгенің сыйлығын сыйлайтыны хабарланған болатын.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді