$ 546.36  630.44  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысында атыс болып, үш адам жарақат алды

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Атырау облысында атыс болып, үш адам жарақат алды
Фото: freepik.com

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Сағыз ауылында 27 мамыр күні кешке атыс болып, үш азамат түрлі дене жарақаттарын алды. Олардың бірі облыстық ауруханаға санитарлық авиациямен жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Қазіргі уақытта қақтығысқа қатысушыларды анықтау және ұстау үшін кешенді шаралар қолданылуда», - делінген ПД хабарламасында.

Істің тергелу барысы департамент басшылығының қатаң бақылауында.

Зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетілді

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 27 мамыр күні кешке аудандық ауруханаға әртүрлі жарақатпен үш азамат жеткізілген. Олардың бірі жағдайының ауырлығына байланысты санитарлық авиация арқылы облыстық ауруханаға шұғыл жеткізілген.

«Медициналық қызметкерлердің жедел әрекетінің арқасында зардап шеккендерге шұғыл алғашқы көмек көрсетілді. Қарсы шоктық және қан тоқтату терапиясы, ауырсынуды басу, оттегімен демалту және инфузиялық емдеу шаралары жүргізілді», - деп хабарлады басқарма өкілдері.

Жағдай тұрақты бақылауда

AtyrauPress мәліметінше, жарақат алғандардың барлығы облыстық аурухананың дәрігерлік бақылауында. Оларға тиісті медициналық көмек көрсетілуде, жағдайлары жіті қадағаланып отыр.

Фото: Freepik.kz

Серіктес жаңалықтары