$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Канадалық компания Қазақстанда геологиялық барлау жүргізуге 115 млн доллар бөледі

Қабылдауда Шу-Сарысу мыс бассейнінде ауқымды геологиялық барлау мәселесі туралы есеп берілді

Канадалық компания Қазақстанда геологиялық барлау жүргізуге 115 млн доллар бөледі
Фото: freepik.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ivanhoe Mines Ltd. компаниясы директорлар кеңесінің атқарушы тең төрағасы Роберт Фридландты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесуде геологиялық барлау, кен игеру және металл өңдеу салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

Президентке Қазақстандағы Шу-Сарысу мыс бассейнінде ауқымды геологиялық барлау жұмыстарының басталғаны жөнінде мәлімет берілді. Ivanhoe Mines компаниясы бұған дейін аталған учаскедегі қазба байлықтарын зерттеуге 18,7 миллион доллар бөлгенін және инвестиция көлемін 4 жылда 115 миллион долларға дейін ұлғайтуға ниетті екенін хабарлаған еді.

Роберт Фридланд бұл жобаны жүзеге асыру барысында озық аэрогеофизикалық технологиялар мен мәліметтердің цифрлық талдауын пайдалану жоспарланып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстанның мыс игеру тарихындағы ең ауқымды жобаны іске асыру әлемдегі осы руданы өңдеу ісінде жаңа перспективаға жол ашады.

Серіктес жаңалықтары