$ 510.19  582.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысында жер сілкінісі болды

Жер асты дүмпуінің қанша балл болғаны анықталды

Жетісу облысында жер сілкінісі болды
Фото: istockphoto.com

Жер сілкінісі 27 мамыр күні Қазақстан уақыты бойынша сағат 19:51-де ҚР ТЖМ Ұлттық сейсмологиялық зерттеулер және ақпарат ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі арқылы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Жетісу облысында орналасқан.

Сезілу көрсеткіші төмендегідей болды:

  • Қапал-Арасан шипажай станциясында – 2 балл.

ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мамандары өзен арналары, гидротехникалық құрылыстар, көшкін мен сел жүруі мүмкін учаскелерді тексеру бойынша мониторинг жүргізді.

Сондай-ақ тіршілік қамтамасыз ету нысандарына мүмкін болатын зақымдарды анықтау мақсатында визуалды тексеру жүргізілді.

«Тексеру нәтижесінде ешқандай зақым анықталған жоқ, қазіргі уақытта көрсетілген нысандар қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Қирау немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Жағдай тұрақты», — деп хабарлады ТЖМ.

Серіктес жаңалықтары