$ 510.19  582.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада фельдшерді соққыға жыққан ер адам сотталып тынды

Оқиға биыл қаңтар айының соңында болды

Астанада фельдшерді соққыға жыққан ер адам сотталып тынды
Фото: Azattyq Rýhy

Астанада жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққан ер адам сотталып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға қалай болды?

2025 жылғы 29 қаңтарда Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалып, ол жабық бас-ми жарақатын алған. Оқиға шақыртуға келген жедел жәрдем бригадасы мен науқастың туыстарының бірі арасында болған.

Зардап шеккен фельдшер сотқа жүгінді

Фельдшер сотқа арыз жазып, денсаулығына келтірілген залал үшін материалдық өтемақы талап етті. Прокурор шабуыл жасаған ер адамға 1 жылға бас бостандығын шектеуді сұрады. Ал жәбірленуші бұл жазаны 3 жылға дейін ұзартуды өтінді.

Сот шешімі қандай болды?

Айыпталушы кінәсін толық мойындады, әрекетіне өкініш білдірді, сондай-ақ оның кішкентай баласы барекені ескерілді. Ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ.

Сот Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бұл қылмысты орта дәрежелі денсаулыққа қасақана зиян келтіру ретінде бағалап, мынадай шешім шығарды:

  • 1 жыл 6 ай шартты түрде бас бостандығынан айыру (шартты жаза),
  • материалдық өтемақыны жәбірленушіге өтеу міндеттелді.
Серіктес жаңалықтары