$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Медициналық каннабиске инвестиция» деген желеумен 52 млн теңге алғандар ұсталды

Медициналық каннабиске инвестиция деп алдаған

«Медициналық каннабиске инвестиция» деген желеумен 52 млн теңге алғандар ұсталды
Фото: freepik.com

Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Sincere Systems Group» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Пирамиданың ұйымдастырушылары өздерін Ұлыбританиядан келген компания өкілдері ретінде таныстырып, азаматтарды түрлі салаларға, оның ішінде медициналық каннабис өсіру және жаһандық сатылымға инвестиция салуға үгіттеген.

Токендер, жалған сайт және сенімге кіру схемасы

Клиенттердің сенімін арттыру үшін жеке кабинеттері бар сайт құрылған. Онда пайдаланушылар:

  • SWP және SWCT токендері арқылы шоттарын толтырған;
  • Токендерді фиат ақшаға айырбастай алған.

Алайда, күдіктілер жиналған қаражатты жеке мақсаттарына пайдаланған.

52 млн теңге шығын, 76 млн теңгелік мүлікке тыйым салынды

Келтірілген жалпы шығын 52 млн теңгеден асқан.

Сот санкциясымен күдіктілердің жалпы құны 76 млн теңге болатын мүлкіне тыйым салынды:

  • Теміртаудағы жер учаскесі мен кемпингке,
  • Астанадағы пәтер мен автотұраққа.

Үйқамақ пен қолхат: тергеу қорытындысы

  • Күдіктілердің бірі үйқамаққа алынған;
  • Екіншісі елден шықпау туралы қолхатпен босатылған.

Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, іс материалдары тараптарға танысу үшін берілді.

Серіктес жаңалықтары