$ 540.18  628.93  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Еден жуып, көлік жүргізеді»: Тұрсын Алагөзов 100 қызметкеріне үй алып бермек (ВИДЕО)

Ол өз компаниясында жұмыс істейтін адамдардың арасынан 100 адамды іріктеп алады

«Еден жуып, көлік жүргізеді»: Тұрсын Алагөзов 100 қызметкеріне үй алып бермек (ВИДЕО)
Фото: Instagram/bayanmaxatkyzy

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов өзінің көптен бері ойында жүрген әлеуметтік жобасын жариялады: ол Алматыда тұратын 100 қызметкеріне пәтер алып бермек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тұрсын Алагөзовке бұл идея 2024 жылы келген екен. Оның негізгі мәні  20 жыл бойы кәсіпкермен бірге еңбек еткен әрі ұжымда ауыр жұмыс істейтін азаматтарға баспана беру. 

«Бұл адамдар менімен 20 жыл бойы еңбек еткен адамдар. Комиссия құрып, нағыз мұқтаж жандарды таңдадық. Олардың көпшілігінде бірде-бір пәтер жоқ», – деді ол.

Алагөзов баспанаға мұқтаж адамдардың басым бөлігі – қарапайым жұмысшылар екенін ерекше атап өтті. Мысалы:

  • еден жуатын кісілер;
  • жүргізушілер;
  • жүк тасымалына жауапты адамдар. 

Ал басшылық қызметтегі қызметкерлердің үлесі 3-4 пайыздан аспайды деп отыр ол. 

Серіктес жаңалықтары