25.05.2025, 11:39
Жаңалықтар
Астанада Қорғалжын тас жолының бір бөлігі уақытша жабылды
Жол 30 мамырға дейін жабық болады
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Елордада Қорғалжын тас жолының бір бөлігі 30 мамырға дейін ішінара жабылады. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қай бөлікте жол жабылды?
Орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Тұран даңғылынан Айтматов көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс шектелді. Қозғалыс екі бағытта бір жолақпен қамтамасыз етіліп отыр.
- Тұран даңғылы – Айтматов көшесі аралығы (30 мамырға дейін жабық)
- Айтматов – Е-128 көшесі аралығы (27 мамырға дейін жабық)
Уақытша қозғалыс схемасы
Жол жөндеушілер уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатқан. Қозғалысқа шықпас бұрын жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі.
Астанада жол жөндеу маусымы басталды
Мамыр айынан бастап елордада бірқатар күре жолда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл – жол сапасын жақсартуға бағытталған жоспарлы жұмыс. Бұған дейін қала билігі жаз айларында 60-тан астам көшеде жөндеу жүргізілетінін мәлімдеген.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді