$ 511.92  588.91  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ата-енеммен тұрмаймын»: танымал блогердің сөзі желіде қызу талқыланып жатыр (ВИДЕО)

Ол болашақ жарына бұл туралы алғаш танысқан сәтте-ақ ашық айтқанын жеткізді

«Ата-енеммен тұрмаймын»: танымал блогердің сөзі желіде қызу талқыланып жатыр (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Танымал блогер әрі кәсіпкер Бота Миа Taboo бағдарламасына берген сұхбатында отбасына қатысты көзқарасын бөлісті. Ол болашақ жарына алғаш танысқан сәтте-ақ ата-енесімен бірге тұрмайтынын ашық айтқанын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Бота Миа не деді?

Блогердің айтуынша, отбасындағы тыныштық пен үйлесімділік жеке кеңістіктен басталады. Сондықтан ол бастапқыда бұл шартты ашық айтып, болашақ жарымен солай келісімге келген.

«Осыны ашық айтқым келеді. Мен Асқарға басында өмірімді ата-енеге қызмет көрсетіп өткізе алмайтынымды айттым. Кейін бірге тұрамыз деген жағдайда келіспеушіліктер болады дедім. Менің ойымша, отбасы құрылған соң олар жаңа отау құруы керек. Бөлек әлем болуы керек. Үйленген соң ата-енеме жиі барып тұрамын, түскеннен кейін бір ай сол үйде боламын. Бірақ өмірімді ата-енеге қызмет көрсетумен өткізе алмаймын», – деді Бота Миа.

Желі қолданушыларының реакциясы

Блогердің бұл сөзі Instagram желісінде кең талқыланып, қоғам пікірін екіге бөлді.

Қолдайтын пікірлер жазғандар «Дұрыс айтқан, бастапқыда келісіп алған жөн», «Әр отбасына жеке кеңістік қажет», «Заманауи келінге еркіндік керек» десе, сынаушылардың пікірі «Қазақ келіні ата-енесін тастап кете алмайды», «Қартайғанда кім қарайды?», «Бұл – өзімшілдік» дегенге саяды.

Ене мен келін тақырыбы

Жалпы, ене мен келін тақырыбы қарапайым халық арасында ғана емес, шоу бизнесте де кеңінен талқыланады. Мысалы, жақында танымал актриса Ақерке Арыс енесімен қарым-қатынасы туралы ашық айтып, онымен ұрсысқанын жеткізді. Ал әнші Мирас пен Құралай 25 жыл отасқан өмірінің 20 жылында ақшаны енесі ұстағанын айтты. Сонымен қатар жақында жетінші арнадағы «Айгерім Сейфолланың сырласуы» бағдарламасына қонаққа келген әнші, Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер Маржан Арапбаева ата-енесі өзін қатты жақсы көретінін айтты. Ал әнші Жазира Байырбекова енесінің қатал болғаны туралы ой бөлісті.

Сонымен қатар әнші Сиви Махмуди де енесі баласын қызғанғанын, тіпті, араларына жатып алатынын жеткізді. Ал әнші Меруерт Түсіпбаева студент шағында көңіл жарастырып, сүйіп қосылған бұрынғы күйеуімен ажырасуына енесі себепкер болғанын айтты. Актриса Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасқаны туралы айтып, ата-енесімен қарым-қатынасы туралы сыр шертті.

Серіктес жаңалықтары