«Енеммен қатты ұрсыстым»: танымал актриса келінді қызындай көретіндерге қарсы шықты
Ол өзінің енесімен қарым-қатынасы туралы ашық айтты

Танымал актриса Ақерке Арыс енесімен қарым-қатынасы туралы ашық айтты. Бұл туралы ол 7-арнадағы «Жарқыраған жұлдыз» бағдарламасында бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қызындай болуға тырыстым»
Актрисаның айтуынша, келін мен ене арасындағы шынайы сыйластық шекараны дұрыс қоюдан басталады.
«Шынымды айтсам, енеммен қатты ұрсыстым. Қатты ренжістім. Өте қатты жақын да болдым. Күлдім де, құрбы да болдым. Қызы да болдым, келіні де болдым. Бірақ келінді қызымдай көремін деген нәрсеге қарсымын. Барлық адам өзінің орнында болуы керек. Өтірік істемеу керек. Келін бе? Келін! Қызың ба? Қызың! Ене ме? Ене! Сыйластық, шекара болуы керек», – деді Ақерке Арыс.
Үш жылдан кейін бөлек шыққан
Актриса енесімен үш жыл бірге тұрып, кейін жеке шыққанын айтты. Оның пікірінше, бөлек тұру жас отбасы үшін маңызды тәжірибе береді. Бөлек тұру жас отбасыға өзгеше әсер етеді дейді ол.
«Енеммен үш жыл бірге тұрдық. Қазір бөлек тұрып жатқанымызға бір жыл болды. Енеңмен тұрғанның бір жақсысы, өзіңнің білмегеніңді үйретеді, қиындықтар болғанда да үлкен адаммен түрған жеңіл. Бірақ бәрібір де ата-ана баласы есеюі үшін оны бөлек шығаруы керек деп ойлаймын. Себебі біге тұрғанда сол кісіге пйту керек, ақылдасу керек деген ой тұрады», — деді актриса.
Ене мен келін тақырыбы
Жалпы, ене мен келін тақырыбы қарапайым халық арасында ғана емес, шоу бизнесте де кеңінен талқыланады. Мысалы, жақында жетінші арнадағы «Айгерім Сейфолланың сырласуы» бағдарламасына қонаққа келген әнші, Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер Маржан Арапбаева ата-енесі өзін қатты жақсы көретінін айтты. Ал әнші Жазира Байырбекова енесінің қатал болғаны туралы ой бөлісті. Сонымен қатар әнші Сиви Махмуди де енесі баласын қызғанғанын, тіпті, араларына жатып алатынын жеткізді. Ал әнші Меруерт Түсіпбаева студент шағында көңіл жарастырып, сүйіп қосылған бұрынғы күйеуімен ажырасуына енесі себепкер болғанын айтты. Актриса Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасқаны туралы айтып, ата-енесімен қарым-қатынасы туралы сыр шертті.