Павлодарда көпқабатты үйдің ауласынан ер адамның денесі табылды
Оқиға орнына тергеу тобы келіп, тексеруді бастады

Павлодар қаласында Махамбет Батыр көшесінде орналасқан тұрғын үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Куәгерлер не дейді?
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға Махамбет Батыр көшесіндегі №2 үйдің ауласында болған. Оқиға орнына алғашқы болып жеткен тұрғындар ер адамның ес-түссіз жатқанын көріп, шұғыл түрде жедел жәрдем мен полиция шақыртқан.
Ресми мәлімет
Бұл жағдайды Павлодар облыстық полиция департаменті растады.
«М.Батыр көшесі, 2-үй ауласынан ер адамның денесі табылғаны туралы хабар бойынша ҚР ҚК 001-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр»,– деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Алдын ала болжам қандай?
Қазіргі уақытта оқиғаның суицид немесе басқа бір қылмыстық әрекет нәтижесі болған-болмағаны белгісіз. Тиісті сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, жақында Қостанай облысының Жітіқара жерінде із-түзсіз жоғалып кеткен жас жігіттің мәйіті өзеннің түбінен табылды. Сонымен қатар Алматы маңындағы «Горельник» бағытына жақын аумақта 20 жастағы қыздың мәйіті анықталды. Атырауда көпқабатты үйлердің бірінде көршілер сасық иіске шағымданды. Оны іздеу нәтижесінде пәтерлердің бірінен 60 жастағы ер адамның денесі табылды. Марқұмның бірнеше күн бұрын қайтыс болғаны белгілі болды.