$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы тауларында 20 жастағы қыздың денесі табылды

Оның үстіне тас құлаған

Алматы тауларында 20 жастағы қыздың денесі табылды
Фото: depositphotos.com

Алматы маңындағы «Горельник» бағытына жақын аумақта 20 жастағы қыздың мүрдесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

«Қайғылы оқиға 4 мамыр күні танымал туристік бағыттардың бірі саналатын жерден алыс емес жерде болған. ТЖМ мәліметінше, оқиға орнында ұялы байланыс болмағандықтан, бойжеткеннің қасындағы таныстарына төмен түсіп, көмек шақыруға тура келген. Себебі олар тастың астында қалған қызды өз беттерімен шығара алмаған», — делінген хабарламада.

Қаза тапқан азаматша – Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде білім алатын 20 жастағы студент екені анықталды. Хабар түскен соң оқиға орнына республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары, кинологтар мен медицина қызметкерлері жіберілген.

Құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен қыздың денесін тас астынан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары