$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Әлі күнге дейін енемді «мама» деймін»: Айгүл Иманбаева қалай ажырасқаны туралы айтты

Ол бұрынғы енесіне әлі күнге дейін сәлем салатынын айтты

«Әлі күнге дейін енемді «мама» деймін»: Айгүл Иманбаева қалай ажырасқаны туралы айтты
Фото: Видеодан скрин

Қазақстандық әнші, актриса Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасқаны туралы айтып, өткенінен сыр шертті. «Мамский әңгіме» YouTube подкастында ол ұлы алты айға толғанда күйеуімен ажырасып кеткенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өз сөзінде әнші ажырасар алдында ата-енесінің үйіне барып, жағдайын түсіндірген. Содан он күн бойы ол кісілердің қасында болып, үйін жинастырып бір-ақ кеткен. Ал ата-енесі онымен қимай қоштасыпты. Ал Сәбит Әбдіхалықовтың әжесі жылап қалған.

«Балам алты айлық, оны алып, Сәбиттің ауылына, яғни ата-енеме бардым. Он күндей үйде болдым. Бірақ барған бойда ажырасатынымды айттым. «Сіздердің баталарыңызды алып кетейін деп едім. Немереңіз міне, қай уақытта десеңіз де алып келуге дайынмын, тек тұра (Сәбитпен) алмаймын» деп түсіндірдім. Содан үлкен әжеміз тірі еді. Сол жылады, «Сәбитпен сөйлесейін, кетпе» деді. Сосын бұл менің шешімім екенін түсіндірдім.

Содан он күн үйде болып, үйдің бәрін тазалап, ішін ақтап, бәрімен қоштасып кеттім. Олар өз ата-анамның үйіне дейін әкеліп тастады. Анам да ол кісілерді қой сойып, қонақ етті. Одан бөлек «құдағидың сыбағасы» деп тағы бір қой сойып, беріп жіберді. Міне, солай үлкендердің рұқсатымен ажырастым. Себебі, олардан жаманшылық көрген жоқпын. Асылжан қырқынан шыққанша енем қолымды салқын суға салғызбай, мені бақты.

Әйел болып жамандайын десем, олардың жамандығын көрмедім. Күні бүгінге дейін араласамын, сәлем саламын. Әлі күнге дейін солай енемді «мама» деймін», - деді Айгүл Иманбаева.

Серіктес жаңалықтары