«Не деп қиқуладың?»: Нағима Есқалиеваның жас әншіге айтқан сыны желіде дау тудырды (ВИДЕО)
Архивтен алынған видео әлеуметтік желілерде көпшіліктің назарына ілікті

Әнші Нағима Есқалиеваның жас орындаушы The Brookln-ге қатысты айтқан сыны TikTok пен Instagram желісінде қызу пікірталас туғызды. Архивтен алынған видео әлеуметтік желілерде қайта таралып, көпшіліктің назарына ілікті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
The Brookln кім және не үшін сынға ұшырады?
The Brookln – 2018 жылы «X-Фактор Қазақстан» музыкалық шоуына қатысқан жас әнші. Ол жақында өзінің Instagram парақшасына мотивациялық видео жүктеп, сол жобадағы есте қалған сәтін баяндады. Видеода әнші жобадағы әділқазы Нағима Есқалиеваның өзіне айтқанын сынын салған.
«Не айтып қиқуладың? Сен менің командамда болғанда да, бәрібір алмайтын едім»,– дейді әнші.
Бұл сөз желі қолданушыларының наразылығын туғызып, олар Нағима Есқалиеваның бұл пікірін қатігез деп бағаланды.
The Brookln бүгінде кім?
- 2024 жылы кәсіби мансабын бастады
- Қазақстандық поп-сахнаның жаңа толқынының өкілі
- Оның тректері YouTube, Spotify және басқа платформаларда миллионнан астам тыңдалым жинауда
- Көптеген жас тыңдаушы үшін мотивация көзіне айналды
Желі қолданушылары не дейді?
Көпшілік The Brookln-нің табандылығын үлгі етіп, шоу-бизнес өкілдерінің жас таланттарға қолдау білдіруі керектігін айтуда.
«Мықты екен. Сынға мойымаған», «Тыңдайтын әнші пайда болды», – деген пікірлер жазып жатыр желі қолданушылары.